thumb
thumb
thumb
thumb
thumb

thumb

Телефон: +7(7172) 79 52 86/87.
e-mail: support@ostin.com
www.ostin.com
Посмотреть на карте

Бренд Туралы


O’STIN сауда маркасының тарихы бірнеше маңызды күннен басталады:

1. 2002 жылдың 24 қазанында «Спортмастер» компаниясында «Casual жобасы бойынша жұмыстың басталуы туралы» №55 бұйрығы жарияланды.

2. 2003 жылдың 2 маусымында Екатеринбург қаласында бірінші O’STIN дүкені ашылды.

3. 2008 жылдың 28 желтоқсанында Қазақстанның Астана қаласында «Керуен» СОО-да бірінші O’STIN дүкені ашылды.

Қазіргі таңда O’STIN сауда маркасы – бұл 620-дан астам дүкені бар, бірегей өнімді әзірлеу, өндіру бойынша және Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия мен Қытай нарықтарында сату бойынша өз базасы бар қуатты, тік біріктірілген холдинг. 

Біздің компанияның мақсаты біздің дүкендерімізде жайлы шопингті қамтамасыз ету жолымен ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған, жоғары технологиямен жасалған, қолайлы бағамен сатылатын, қазіргі, сәнді күнделікті киімді ұсыну.

Біздің негізгі бәсекелестік артықшылықтары:

  1. Өзіміздің (бірегей) өнім
  2. Өзіміздің күшті бренд
  3. Өзіміздің көтерме сауда дүкендері жүйесі

O’STIN топтамаларының құрылымы бойынша тауарлар екі негізгі маусымға сәйкес бөлінеді: SS (көктем – жаз) және AW (күз – қыс).

Әрбір маусымның ішінде өнім белгілі топтамаларға бөлінеді:

  1. Casual
  2. Studio
  3. Smart
  4. Kids
  5. Denim

Әрбір топтама жыныс тиістілігіне қарай Women (әйелдер), Men (ерлер), Kids (балалар) деп бөлінеді.

Ассортимент


Women O’STIN Casual
– әйелдің күнделікті гардеробының барлық түрлерін қамтитын көптеген модель! Толық еркіндікте өмір сүретін, өзіне сенімді жас әйелге арналған. Оның ойы қазіргі заманға сай және ол барлық жаңалықтарды қабылдауға дайын. Ол стилі, қолайлылығы мен жоғары сапасы бар киімді таңдайды.  

Men O’STIN Casual – қолайлылықты, танымал стиль мен функционалдықты артық көретін, өзіне сенімді, табысты ер адамға арналған күнделікті киім. Осы топтаманың модельдерінің әрленімі ұстамды, ал сапасы жоғары. Олар қазіргі, стильді ер адамның гардеробының негізін қалыптастырып, бір біріне оңай үйлеседі және әмбебап болып табылады. 

Women O’STIN Studio – әйелдерге арналған, жастардың стиліне сай, сәнді және қызықты киім. Осы топтаманың киімі кез келген көңіл-күйіне және өмір жағдайына (университеттегі оқу күндері, сәнді сауық кеші немесе достармен бірге демалу) байланысты қайталанбас бейне жасауға мүмкіндік береді.    

Men O’STIN Studio – сәннің жаңа үрдістерін байқайтын және casual стилінің қолайлылығы мен әмбебабын артық көретін жас жігіттерге арналған. Топтаманың негізгі басымдылығы – өзектілік, қазіргі заманға сәйкестік және функционалдық. Ол сән үрдістерін еркін пайдаланумен, формалды еместігімен, жаңа түстермен және жастар үшін қолайлы бағаларымен ерекшеленеді.

Women O’STIN Smart – ерекше сәнділік пен нәзіктікті аса бағалайтын қазіргі тәуелсіз әйелге жарасады. Осы топтама өз иесінің табиғи сүйкімділігі, көріктілігі мен жарқындылығын көрсетеді. Әйелдерге арналған осы топтаманың киімі арқылы сәнді классиканың жетілдірілген бейнесін жасау өте оңай!

Men O’STIN Smart – O’STIN Casual-дың негізгі тұжырымдамасын жалғастырады, бірақ оның әрленімі ықшамдау және қаталдау болып көрінеді. Осы топтаманың модельдері бұйымның салыстыра тексерілген қонымдылығымен, тігіннің жоғары сапасымен, қымбатты және сапалы маталарымен және әрлеуімен ерекшеленеді.  

Балаларға арналған O’STIN киімі – 1 айдан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған қазіргі күнделікті киім. Ол төзімді және қолайлы. Топтамада табиғи маталар, балаларға арналған бұйымдарды өңдеудің арнайы әдістері және тігіннің ерекше технологиялары пайдаланылған.

Denim O’STIN – бұл Denim (джинсы) санатындағы өңімді қамтитын жаңа бағыт. Осы топтаманың модельдері ерлер, әйелдер мен балаларға ұсынылған және олар бағасы мен сапасының оңтайлы ара қатынасымен, бірегей әрленімімен, салыстыра тексерілген қонымдылығымен, модельдердің түрлілігімен ерекшеленеді.

Қазақстанда O’STIN сауда маркалы киімнің барлық топтамалары (Denim-ді есептемегенде)  ұсынылған. Дүкеннің мақсаты мен ауқымына және сатып алушылардың қажеттілігіне қарай  біз қажетті уақытта қажетті орынды қажетті өніммен қамтамасыз етуге әрқашан дайынбыз. Бүгінгі таңда O’STIN Астана, «Керуен» дүкенінде Man O’STIN Casual, Women O’STIN Casual, Man O’STIN Studio, Women O’STIN Studio, Man O’STIN Man (Smart) топтамалары ұсынылған, бірақ біздің Компаниямыз ассортиментті кеңейтуді, жаңа топтамалар желісін қосуды және осы өңірде бұл істің жаңа шыңдарына жетуді жоспарлап отыр.     

Барлық O’STIN модельдері әмбебап және олар бір бірімен оңай үйлеседі – көңіл-күйіңіз бірден көтеріледі!

thumb

Окунитесь в ароматный мир рождественской сказки Jo Malone London.

Рождественская коллекция в продаже с ноября 2016 года в бутике Jo Malone London.

thumb

Men's World: теплая одежда для мужчин

Сильной половине важно, чтобы куртки, свитеры, жилеты и пальто для холодных дней были не только стильными, но и комфортными.

thumb

Фотоотчет с КЕРУЕН FASHION NIGHT OUT

30 ноября состоялась грандиозная фешн ночь КЕРУЕН FASHION NIGHT OUT

thumb

Подарки покупателям VILED от Института красоты DESSANGE

Эксклюзивная акция весь НОЯБРЬ только для покупателей VILED от института красоты "Dessange"!

thumb

Акция «Счастливый час» в Galmart

С 24 октября, совершив единовременную покупку на сумму 40 000 тенге, Вы сможете обменять чек на моментальный приз

thumb

Встречайте новую коллекцию в Tara Jarmon

В новой коллекции "Tara Jarmon" вы найдёте неповторимый Французский стиль!

thumb

Старт продаж iPhone и iPhone 7 Plus в бутике iPoint

Прими участие в старте продаж iPhone 7 и iPhone 7 Plus.

thumb

КраCO2та требует CO2!

Новейшие технологии только в институте красоты Dessange дляВас фракционный лазер CO2RE™

thumb

Карты лояльности в бутиках VILED Style и Kiton.

Теперь у вас есть прекрасная возможность накапливать бонусы и радовать себя приятными подарками.