«ШАПО» фирмасы бас киім сату нарығында 15 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Қызметтің негізгі бағыты – барлық маусымдарға арналған бас киімдерді сату, бірақ қазіргі сұраныс арқасында біз ассортиментімізді кеңейтіп сатып алушыларымызға бөкебай, жамылғы, қолғап, орамал, қолшатыр мен күн сәулесінен қорғайтын көзілдірікті ұсына аламыз. «ШАПО»-да ұсынылған модельдер түрлі стильде жасалған. Бұл жасы да, талғамы да әртүрлі сатып алушыларға қалағанын таңдауға мүмкіндік береді. Біз клиенттерімізбен барынша жемісті өзара қарым-қатынасымыздың негізіне әрбір адаммен жеке тіл табысуды және оның көңілінен шығуды қоямыз, сатып алушыларымызды ең жақсы тауарлармен қамтамасыз етіп, тіпті олардың күткенінен де асып түсуге тырысамыз
Барлық өнім жоғары сапалы және оған сатып алушыларымыздың тұрақты сұранысы бар. Бас киім топтамасын жасаған кезде біз клиенттеріміздің тілектері мен талғамдарын ескереміз. Біздің ассортиментіміз Ресейдің өзық өндірушілері шығарған, күдері, тері, тоқыма мен фетрден жасалған бұйымдардың орасан зор таңдауын, сондай-ақ ұлттық бас кимідердің үлкен таңдауын қамтиды. Түстердің әр алуандығы, жоғары сапасына кепілдік, арзан бағалары, әрбір маусымға арналған мүлде жаңа топтамалардың қазіргі әзірленімі біздің бас киімдерімізді сәнді және уақытқа сай етеді. Түстердің үйлесуі, материалдардың қисындасуы әрбір қалпақты немесе кепешті тіпті өнер шығармасына, ал жаңа бас киімді сатып алуды бір кішкентай мерекеге айналдырады.