Joseph Ettedgui – мароккадан шыққан әлемге әйгілі ағылшын дизайнері және анық геометрия мен таза сызықтары бар, ықшамды киім стилін енгізген және танымал сән бутиктерінің иесі . 70-жылдардың басында оның дүкендерінде өзінің Joseph киім желісімен қатар қазіргі заманғы өзекті дизайндер ұсынылды.
Кензомен қатар , Ettedgui өз клиенттеріне Azzedine Alaia , Helmut Lang және Мартин Margiela сияқты дизайнерлеріне деген сүйіспеншілікті оятты. 1972 жылы Кензо , Emanuelle Khanh және Jean-Charles de Castelbajac сияқты жас дизайнерлердің топтамасын ұсына отырып, ол әйелдерге қарапайым стильдегі, өте қолайлы шалбар мен көйлекті, сондай-ақ қазіргі заманғы өзекті маркаларды ұсына отырып, Челси ауданында өзінің алғашқы Joseph бутигін ашты. Оның философиясы қарапайым болды: «Бүкіл гардероб тек қана дизайнерлік сән киімдерінен тұруы мүмкін емес. Адамдарға, күнделікті кию үшін ыңғайлы, бейімделіп тігілген шалбарлар және көйлектер қажет», - деді ол. Оның ойы дұрыс болды, бірақ ең маңыздысы ол сатылатын заттарды қалай ұсынғандығында. Өз дүкендерінде бір көзге қарағанда қарапайым стиль элементтерімен жасалған, ақшыл түстердегі бірегейлік минимализмді қолдану - оларды қазіргі заманғы өнердің мұражайларына, ал әрбір затты қазіргі заманғы сән дизайнінің объектісіне айналдырды. 70 жылдардың аяғында Джозеф өз бутиктерін Парижде, Нью-Йоркте, Жапония ашып өз бизнесіне халықаралық мәртебе берді, ал енді Қазақстанның елордасы Астанада да ашылды. Брендтің жұлдызды клиенттерінің ішінде Найтли, Дженнифер Лопес , Кейт Миддлтон мен Анджелина Джолибар, оларды жиі Josephкиімдерінде кездестіруге болады.