thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb
thumb

thumb

http://news.adidas.com
Посмотреть на карте

Бренд туралы

adidasGroup спорт тауарлары индустриясындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады және негізгі брендтер өнімінің кең ассортиментін ұсынады: adidas, Reebok, TaylorMade, Rockport и Reebok-CCMHockey. Компанияның штаб-пәтері Херцогенаурах қаласында (Германия) орналасқан, бүкіл әлем бойынша компанияда 46 мыңнан астам қызметкер жұмыс ітейді, ал 2011 жылы сатылымдардың жалпы көлемі 13,3 миллиард евроны құрды.

Adidas өнімі жетпіс жылдан астам уақыт бойы сапаның синонимі болып табылады. Өндірісімізде біз сапаның, технологиялар мен жаңартпалардың ең жақсы стандарттарын ғана пайдаланамыз.  Adidas кәсіпқой спортшыларға арналған киім мен аяқ киімнен бастап премиум кластағы заттарға дейінгі тауардың кең және бірегей әр алуандығына ие. Бұл бізге әртүрлі сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Біздің технологияларымыз

Жаңартпалық – брендіміздің құндылықтарының бірі. Adidas өнімі бүгінгі таңда белгілі спорт саймандарын жасаудың ең жаңартпалық технологияларын өз бойында үйлестіреді.   http://www.adidas.ru/technologies.html сілтемесі бойынша Сіз adidas технологияларымен толығырақ таныса аласыз:

Adidas өнімі ұсынылған спорт түрлері:

-          Футбол

-          Жүгіру

-          Фитнесс

-          Туризм

-          Жүзу

-          Теннис

-          Баскетбол

-          Йога

-          Скейтбординг.

adidas тобының брендтері:

- Originals

- Perfomance

-adidas NEO Label

-Porshe Design Sport

-adidas by Stella McCartney

- Originals by Jeremy Scott

- Reebok

- Reebok classic

- Adidas kids

Originals

Көптеген жыл бойы музыка, би және граффити сияқты түрлі мәдени бағыттармен тығыз байланыста болған күнделікті киім мен аяқ киімнің жастар табынатын бренді. Осы брендтің басты ерекше белгісі бағыттың жарқын, танылатын логотипі – киім, аяқ киім мен аксессуарларда бар Үш жапырақты бейне. Originals adidas-тың бай мұрасынан бастау алады. Ол әр маусым сайын көкейкесті және сәнді топтамаларды ұсынып отырып, тұрақты дамып келеді.

adidasPerformance

Спортпен айналысуға арналған киім мен аяқ киімді озық технологияларды пайдаланумен жасайтын, аңызға айналған бренд. Бұл жаңадан шұғылданушы атлеттерге де, кәсіпқой атлеттерге де спорттың кез келген түрінде ең жоғары нәтижелерге жетуге көмектесетін топтамалар. Ади Дасслер негізін қалаған дәстүрлер осы бағыттың өнімін шығаруға себепші болды. SportPerformance – adidasGroup компаниясының бұрынғыдай негізгі бағыттарының бірі болып табылады және спорттың барлық түрлеріне арналған өз өнімін ұсынады.

Ассортимент

PorsheDesignSport

Бұл adidas бағыты – адамзаттың мықты жартысына арналған, күн сәулесінен қорғайтын көзілдіріктер, темекі шегетін түтікшелер, сағаттар және, әрине, автомобильдер сияқты таңдаулы жоғары технологиялы тауарлардың әрленіміне мамандандырылған PorscheDesignGroup әрленім-студиясымен бірлескен жұмыстың нәтижесі. adidasOriginals-пен бірлескен жобаның шегіндегі PorscheDesign-ның спорт әзірленімі гольфке, тенниске, жүгіруге және автомобиль жүргізуге арналған аяқ киім, киім және саймандар жасауға жеткізді.  PorscheDesign кроссовкаларын Porsche студиясында жобалайды, ал adidas мамандары аяқ киім жасаумен айналысады.

NEO

Adidas компаниясының жаңа бренді  белсенді өмір салтын ұстанатын, стильді жастарға арналған. Соңғы сән үрдістеріне тәң, қолжетімді бағамен сатылатын күнделікті киім мен аяқ киім топтамалары.   

adidasbyStellaMcCartney

adidas-тың белгілі британдық модельер StellaMcCartney-мен ынтымақтасуы 7 жылдан астам уақыт бойы сәтті дамып келе жатыр, бірінші бірлескен көктемгі-жазғы топтама 2005 жылдың ақпан айында шығарылған. Жаңартпалық спорт желісіне көктемгі-жазғы маусымға арналған – теннис ойнау, белсенді демалу, жүгіру, йогамен айналысу, залда спортпен шұғылдану,  жүзу мен велосипед спортымен айналысуға арналған киім, аяқ киім мен аксессуарлар кіреді, ал күзгі-қысқы маусымға арналған – қысқы спорт түрлерінің киімі, аяқ киімі мен аксессуарлары кіреді. adidas by Stella McCartney желісі adidas Sport Performance бөлімшесінің құрамына кіреді.

adidas Originals by Jeremy Scott

adidasOriginals жастар табынатын көше брендінің белгілі әрлеуші Джереми Скотпен ынтымақтасуы киім мен аяқ киімге өзінің жаңа және балаң көзқарасымен, жоғары сән мен классикалық спорт әрленімі бөліктерінің араласуын қамтитын ұтқыр тәсілмен ерекшеленеді. Түрлі стильдердің батыл үйлесуі арқасында (поп-мәдениет пен андеграунд, панк пен хип-хоп) Джереми Скотт Adidas кедыларын нағыз табынатын киімге айналдырды.  Фэшн-экстремал Джереми Скотт үшін шабыттың негізгі көзі – түрлі онжылдықтардың поп-мәдениеті болып табылады. Ол сол поп-мәдениеттің элементтерін спорт киімі мен күнделікті киімнің бірегей бейнелеріне қосады. Оның топтамалары әрқашан жарқын және көзге ұрып тұрады.

Reebok

Штаб-пәтері Массачусетс штатының Кантон қаласында орналасқан ReebokInternational спортқа, фитнеске арналған және күнделікті өмірде киетін киім, аяқ киім, аксессуарлар мен жабдықтарды сатушы және жеткізуші, әлемнің озық әрлеушісі болып табылады.  

Компания adidasGroup бөлімшесі болып табылады және Reebok, Reebok-CCM Hockey брендтері мен басқа брендтердің өнімін сатады. Толық ақпарат алу үшін Reebok-тың www.reebok.com сайтына кіріңіз. 

ReebokClassic

ReebokClassics сәнді күнделікті киімі мен аяқ киімінің бағыты брендтің өз тарихи дәстүрін ұстануын және уақыт талабына сай болу қабілетін  жақсы көрсетеді. Бірнеше онжылдық ішінде аңызға айналған FreestyleHi, Pump, AlwaysClassics кроссовкаларының модельдері батыл әрлеу шешімдерін, қазіргі материалдарды және жарқын түстердің үйлесуін пайдалану арқасында қазіргі таңда да өз өзектілігін жоғалтпай, сән шыңында тұр. Ал ең сәнді ReebokClassics киімі әрбір күнге мінсіз стильді қалыптастыруға мүмкіндік беріп, адам бейнесін керемет толықтырады.

ReebokClassic кроссовкалары пайда болған сәттен бастап аңызға айналды да, спорт аяқ киімінің түрін ұзақ жылдарға белгіледі. Бүгін ReebokClassic топтамасының кроссовкалары спортпен айналысуға арналған аяқ киім ғана емес, сонымен бірге олар өз иесінің мәртебесін көрсететін, оның нәзік талғамы мен дәстүрді ұстануын сипаттайтын, жастар табынатын зат. Осы серияның әзірлеушілері спорт костюмымен де, casual стиліндегі классикалық шалбарлармен және жейделермен де үйлесіп, тамаша көрінетін аяқ киімді жасағысы келген. Бірақ Classic желісіндегі модельдердің таза спорт сипаттамалары оларды спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысу үшін пайдалануға да мүмкіндік береді.  

Adidas kids

adidasKids дүкендерінде нәрестелерден 14 жасқа дейінгі балалардың спортпен айналысуға, белсенді демалуға, далада қыдыруға және ойын-сауыққа арналған спорт киімі мен аяқ киімі ұсынылған. Балаларға арналған Adidas топтамалары қауіпсіз және қолайлы материалдардан жасалады, өйткені балалардың терісі өте сезімтал. Осында adidasPerformance желісінің «жақсы ауа өткізетін» «ақылды» модельдерін және adidasOriginals стильді қолайлы киімін, футбол, баскетбол және теннис сияқты спорт түрлеріне арналған балалар аяқ киімін, сондай-ақ ең кішкентай спортшыларға арналған,  Disney мультфильмдерінің кейіпкері бейнеленген киім желісін табуға болады.

Балалар мен жасөспірімдерге араналған adidas модельдері балалар сәнінің стилі мен әлемдік сапа стандарттарына сай. Заттардың көбі 100% мақтадан жасалған. Одан жасалған киім қолайлы, гигиеналық талаптарға сай келеді, түсін сақтайды және жуғанда отырмайды. Топтамалардың түсі баланың жынысын есептеумен таңдалған. Қыздарға арналған желілерде қызғылт түстің әр алуан реңктері, ал ұлдарға арналған желілерде көгілдір және көк түстердің  әр алуан реңктері басым. Балаларға арналған adidas киіміне аса көңіл бөлу керек. Баланың табаны өзгерістерге өте сезімтал болғандықтан, оларға арналған аяқ киім стандарттарға қатаң сай жасалуы тиіс. Бұл талап балаларға арналған  adidas тауарларында толық түрде іске асырылған. 

 

Өтінеміз, біздің жаңалық порталымызды ашып көріңіз:

http://news.adidas.com

vkontakte біздің тобымыз:

vkontakte.ru/adidas

Facebook-тағы ресми бетіміз:

facebook.com/adidas

және Twitter:

twitter.com/adidasRU

thumb

Окунитесь в ароматный мир рождественской сказки Jo Malone London.

Рождественская коллекция в продаже с ноября 2016 года в бутике Jo Malone London.

thumb

Men's World: теплая одежда для мужчин

Сильной половине важно, чтобы куртки, свитеры, жилеты и пальто для холодных дней были не только стильными, но и комфортными.

thumb

Фотоотчет с КЕРУЕН FASHION NIGHT OUT

30 ноября состоялась грандиозная фешн ночь КЕРУЕН FASHION NIGHT OUT

thumb

Подарки покупателям VILED от Института красоты DESSANGE

Эксклюзивная акция весь НОЯБРЬ только для покупателей VILED от института красоты "Dessange"!

thumb

Акция «Счастливый час» в Galmart

С 24 октября, совершив единовременную покупку на сумму 40 000 тенге, Вы сможете обменять чек на моментальный приз

thumb

Встречайте новую коллекцию в Tara Jarmon

В новой коллекции "Tara Jarmon" вы найдёте неповторимый Французский стиль!

thumb

Старт продаж iPhone и iPhone 7 Plus в бутике iPoint

Прими участие в старте продаж iPhone 7 и iPhone 7 Plus.

thumb

КраCO2та требует CO2!

Новейшие технологии только в институте красоты Dessange дляВас фракционный лазер CO2RE™

thumb

Карты лояльности в бутиках VILED Style и Kiton.

Теперь у вас есть прекрасная возможность накапливать бонусы и радовать себя приятными подарками.