thumb
thumb
thumb

thumb

Тел.: 8 701 337 5825
www.sweets-shop.ru
Посмотреть на карте

Бренд туралы

«Sweets» бренді өз тарихын 2008 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында бастады. Астанада 2010 жылдың 10 қазанында «Керуен» СОО-да бірінші болып ашылды. Дүкендер жүйесі ең жақсы еуропалық тәтті тағамдарды сатумен айналысады. Барлық өнімнің сапа сертификаты бар. Біз ұсынатын маркалардың әлемдік деңгейдегі марапаттары бар. «Sweets» еуропалық брендтердің ең жақсы таңдауына және өз дүкендерінде әрқашан жаңа тауардың болуына кепілдік береді.

«Sweets» брендті дүкендер мына тұжырымдама бойынша жұмыс істейді: салмағы өлшенетін барлық тауар бір баға бойынша сатылады, сатып алушы тауарды өзі таңдап алады. Тауар атауларының кең таңдауы мен арнайы әзірленген жабдықтар арқасында біздің сатып алушымыз жеке өнімнің құнын ойламай, оған ұнаған барлық тәттілерді қажетті мөлшерде сатып алуы мүмкін.    

Ассортимент

"Sweets" компанияларының тобы кондитерлік бұйымдарды шығаратын ең жақсы еуропалық брендтерді ұсынады.

  • - "Fiesta" шайнайтын карамелі, шайнайтын мармелады және таяқшадағы карамелі (Испания)
  • - "Trolli" мармелады, шайнайтын карамелі, суфлесі (Германия)
  • - "Candy Plus" шайнайтын мармелады (Чехия)
  • - "Haribo" мармелады мен суфлесі (Германия)
  • - "Candy Spain" шайнайтын мармелады (Испания)
  • - "Astra" карамелі (Польша)
  • - "Tessa" карамелі (Польша)
  • - "Янтекс" карамелі (Польша)
  • - "Fini" шайнайтын карамелі мен мармелады (Испания)
  • - "Lonka" ирисі мен нугасы (Нидерланды)
  • - қолдан істелген "Artesans" карамелі (Румыния), 
  • сондай-ақ көптеген басқа өндірушілер.

SWEETS компаниясының қызметкерлері шайнайтын мармеладтың құрамы мен пайдалы қасиеттерін мұқият зерттеді. Оны негізінен балаларға сатып алады. Ал біз өз балаларымыздың да, басқа балалардың да денсаулығына немқұрайлы қарамаймыз. Біздің сатуымыздағы барлық мармеладты біз бірінші кезекте өз туыстарымыз бен достарымызға беріп тестілейміз.

Мармелад – ғажап, пайдалы және дәмді тағам. Тәттілердің ішінде мармелад – ең «дұрыс» тәтті. Шайнайтын мармеладты шығару үшін патока, құм шекер, желатин, пектин, лимон қышқылы, балауыз-май қоспасы, табиғи және табиғиға ұқсас хош иістендіргіштер мен бояғыштар пайдаланылады. Пектин желатин сияқты бұл бұйымды серпімді етеді. Шайнайтын мармеладтың домалақтары бір-біріне жабыспауы үшін және оларды құрғаудан сақтайтын беті жылтыр болуы үшін балауыз-май қоспасын пайдаланады. Бұл қоспаның 90 % өсімдік майы және 10 % ара балауызы (ол да өте пайдалы). Сонымен қатар, мармеладтың бұл түрінде барлық қажетті амин қышқылдары, кальций және дәрумендер бар. 

Мармелад өте пайдалы, өткені: 

  • мармелад – төмен калориялы, майы жоқ, диеталық қасиеттері бар тәтті тағам;  
  • пектин – ағзаны қалдықтардан тазалайтын табиғи тазалағыш, улы заттар мен радионуклидтерді ағзадан шығарады, асқорыту жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді, қандағы холестериннің мөлшерін төмендетеді. Пектин алынатын шикізат ретінде алма, цитрус жемістерінің қабығы, қарбыз, қант қызылшасы, күнбағыс «себеті», балдыр пайдаланылады.   
  • агар бауырдың жұмысын жақсартады, ағзаны улы заттардан тазартады. Агар немесе агар-агар – қызыл және қоңыр балдырлардан алынатын табиғи өнім.
  • желатин тері мен шаштың күйіне жақсы әсер етеді. Желатин – жануарлардан алынған ақуыз заттарының қоспасы.
  • мармеладтың күйзелісті жоятыны байқалды, ол торығуға қарсы жақсы құрал деп саналады. Бұның бәрі мармеладтың дәмді ғана емес, пайдалы екендігін де көрсетеді.

Біздің мармелад өндірісті мұқият қадағаланатын және тыйым салынған немесе денсаулыққа жағымсыз әсер ететін тамақ қосындылары қолданылмайтын Еуропа елдерінде шығарылғандықтан біз сататын шайнайтын мармеладтың құрамына кіретін заттардың біріне де ҚР тамақ өнеркәсібінде қолдануға тыйым салынбаған деп атап айтқымыз келеді!

SWEETS Компаниясының Тобы Сізге осы өнімнің озық өндірушілері шығарған өте дәмді таяқшадағы карамельдің, шоколад пен иристің орасан зор таңдауын ұсынады.  

thumb

Окунитесь в ароматный мир рождественской сказки Jo Malone London.

Рождественская коллекция в продаже с ноября 2016 года в бутике Jo Malone London.

thumb

Men's World: теплая одежда для мужчин

Сильной половине важно, чтобы куртки, свитеры, жилеты и пальто для холодных дней были не только стильными, но и комфортными.

thumb

Фотоотчет с КЕРУЕН FASHION NIGHT OUT

30 ноября состоялась грандиозная фешн ночь КЕРУЕН FASHION NIGHT OUT

thumb

Подарки покупателям VILED от Института красоты DESSANGE

Эксклюзивная акция весь НОЯБРЬ только для покупателей VILED от института красоты "Dessange"!

thumb

Акция «Счастливый час» в Galmart

С 24 октября, совершив единовременную покупку на сумму 40 000 тенге, Вы сможете обменять чек на моментальный приз

thumb

Встречайте новую коллекцию в Tara Jarmon

В новой коллекции "Tara Jarmon" вы найдёте неповторимый Французский стиль!

thumb

Старт продаж iPhone и iPhone 7 Plus в бутике iPoint

Прими участие в старте продаж iPhone 7 и iPhone 7 Plus.

thumb

КраCO2та требует CO2!

Новейшие технологии только в институте красоты Dessange дляВас фракционный лазер CO2RE™

thumb

Карты лояльности в бутиках VILED Style и Kiton.

Теперь у вас есть прекрасная возможность накапливать бонусы и радовать себя приятными подарками.