2010 жылдан бастап Stillini бутигі – 2 жастан 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналған, Stillini швейцариялық сән үйінің әдемі және сапалы әрленімдік киімінің Астана қаласындағы эксклюзивті өкілі.
Stillini сән үйі – кез келген жағдайға жарамды балалар киімінің толық жиынтығын ұсынатын балалар сәні индустриясының ең озық өкілдерінің бірі.
Бренд өнімінің ерекшеліктері – еуропалық сапасы және бірегей әрленімі, жоғары қолайлылығы және қолжетімді бағасы.
Stillini сән үйінің ең жақсы еуропалық дәстүрлерге сай келетін мерекелік және маусымдық топтамаларды, сондай-ақ мектеп формасы ретінде бір киер салтанатты не іскерлік костюмдерді жасайтын өз әрленім бюросы бар.
Экслюзивті әрленімі бар, жоғары сапалы әдемі киім балалардың талғамын, олардың өз гардеробын дұрыс таңдау және толтыру ынтасы мен дағдысын ерте жасынан дамытуға мүмкіндік береді.
Костюм, бешпент, көкірекше, жейде, белдемше, сарафан мен блузалар және киім мен аксессуарлардың басқа түрлерінің (бас киімдер, шұлық өнімдері) үлгілері, стильдері мен түстерінің әр алуандығы балаға өз жеке стилін қалыптастыруға және әрқашан әдемі көрінуге мүмкіндік береді.
Еуропалық өндірістің гигиеналық маталарын және фирмалық фурнитураны пайдалану арқасында киімнің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі. Киімді әзірлеген кезде киіс беруі және қолайлылығы, түрлі талғамдарға арналған модельдердің кең ассортименті сияқты талап етілетін қасиеттері ескеріледі және сақталады.
Stillini Сән үйінің киімі күнделікте киюге қолайлы және мықты болғандықтан, оны мектеп формасы ретінде пайдалануға өте жарамды.
Stillini бутигі жыл сайын балалар мен жасөспірімдерге арналған киім мен аксессуарлардың кең ассортиментін 4 топтама құрамында ұсынады:
- костюмдерге арналған, жоғары сапалы итальяндық бизнес-лайн матасынан жасалған мектеп формасы;
- ауа райының күрт өзгертуіне бейімделген керемет пәлтелер, плащтар мен күртелердің «көктем-жаз» топтамасы;
- Rex фин қаракүзені мен үй қоянының табиғи былғарыдан жасалған пәлтелердің, ақтүлкі жағалы гага мамығынан жасалған пуховиктердің «қыс» топтамасы;
- мерекелік іс-шаралар мен оқиғаларға арналған әсем шілтер көйлектердің топтамасы.
Досыңды ертіп әкел де, мектеп формасына 30% жеңілдік ал. Толық ақпаратты менеджерлер береді.