Сұлулық салоны өз жұмысын 2002 жылы бастады. Ол кезде Астанада Есіл өзенінің оң жағалауында бір шағын салон ашылды. Салонның тұрақты, көбейіп келе жатқан клиентурасы болған. Салон жақсы беделге ие болды да, бұл салон жайында тек жақсы пікірлер айтылды. Бірақ уақыт өткен соң салонның аумағын кеңейту қажеттілігі туды. Іздеу барысында Астананың сол жағалауында жаңадан ашылған «Керуен» сауда орталығында бір лайық орын табылды. Ойластырылған әрленімі бар жаңа орынжай қызметтердің ассортиментін көбейтуге және бұрыннан да көп жоғары білікті, кәсіпқой мамандарды жұмысқа тартуға мүкіндік берді. Біздің салонымыз өсіп, одан да тартымды болып шықты.
Шеберлеріміздің тату командасы клиенттерімізге кәсіби қызмет көрсетілетіне сенім береді. «SoHo» сұлулық салонында еркін және жайлы ахуал орнаған. Осында Сізді әдепті қызметкерлер қарсы алады және Сізге жоғары білікті қызмет көрсетіледі.
Біз клинеттерімізге қызметтердің кең таңдауын ұсынуға қуаныштымыз: шаштараз қызметтері, визаж, кірпік өсіру, татуаж, маникюр, педикюр ... Біздің шеберлер мен стилистердің тату командасы шығармашылық қабілетке және жоғары шеберлікке ие. Біз жұмысымызда әлемге белгілі брендтердің өнімін пайдаланамыз: бұл L’Oreal, Kydra, OPI, Jessica, Shellac, ORLY… «SoHo» сұлулық салоны «Керуен» СОО-ның 2 қабатында орналасқан.