Salvatini (атауы «Салватини» немесе «Сальватини» деп айтылады) – 1960 жылы құрылған, ерлерге арналған итальяндық лейбл. Salvatini-дің ұраны – ерлерді табысты және тартымды ету.
Salvatini сауда маркасы ерлерге арналған іскерлік, салтанатты және күнделікті киімді шығаруымен айналысады. Salvatini брендінің киімін сатып алып, Сіз дұрыс таңдау жасағаныңызға сенімді боласыз. Salvatini киімі тек қана ең жоғары сапалы жүн, зығыр, кашемир мен мақтадан жасалады. Salvatini бренді ерлерге арналған киіммен қатар аксессуарлар мен аяқ киімді ұсынады. Берік және икемді белбеулер, түрлі модельдегі аяқ киімдер табиғи теріден жасалады.
Осы уақытта Salvatini брендімен бірге премиум-кластағы Pierre Cardin, Bugatti, FratelliM және Otto Kern еуропалық сауда маркаларының топтамалары және Genio озық итальяндық аяқ киім брендінің топтамалары ұсынылған. Осы брендтердің топтамалары классикалық іскерлік бағытын ғана емес, сонымен бірге Casual стилінің кең ассортиментін де қамтиды. Salvatini бутигінің жоғары білікті кеңес берушілері әртүрлі жастағы және әртүрлі стильдік талғамы бар клиенттерге киім таңдауға көмектеседі. Жаңартпалық тәсіл, әр түрлілік және уақыт талабына сай болу – осы ұстанымдар Salvatini бутигінде ұсынылған киім топтамаларын сипаттайды.