2002 жылдың тамыз айында аналар және нәрестелерден 12 жасқа дейінгі балаларға арналған «Жужа Балалар Әлемі» бірінші мамандандырылған дүкені ашылды.
Дүкен ашу идеясы ана мен оның сәбиіне, сәбидің кішкентай ағалары мен апаларына қажетті барлық заттарды ата-аналар таба алатын ең жақсы дүкенді құру ынтасымен туылған. Балаларды өсіруге және тәрбиелеуге көмектесу, оны жеңілдету мақсатына арналған, бұл саладағы жаңалықтар туралы, қандай да бір тауардың артықшылығы туралы білу.
Бүгінгі таңда сауда жүйесі Алматыдағы 6 дүкеннен, Астанадағы 3 дүкеннен, Ақтөбе қаласындағы 1 дүкеннен және Қарағанды қаласындағы 1 дүкеннен құрылған, олардың ішінде 10 дүкен тауар мен ойыншықтардың бөлшек саудасының Mothercare және ELC британдық жүйесінің фирмалық дүкендері ретінде жұмыс істейді. 2013 жылдың күз мезгіліне қарай Алматыдағы Мега 2 СОО-да тағы бір дүкеннің ашылуы жоспарланған.
Компанияның іскерлік серіктестері халықаралық беделі танымал және сатып алушыларымызға ұсынылатын тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, әлемнің 15 елінің озық тауар өндірушілері мен жеткізушілері болып табылады.
Компанияда 150-ден астам кәсіпқой қызметкер жұмыс істейді. Олардың көбі ата-аналар болып табылады. Кеңес беруші сатушылар арнайы оқытудан және жыл сайынғы аттестаттаудан өтеді. Олар кез келген тауар және оның мақсаты туралы сізге қажетті ақпаратты беруге әрқашан дайын.
Біздің дүкендерімізде сізді әрқашан жылы және жайдары жүзбен қарсы алады, соның нәтижесінде дүкендеріміз сатып алушыларға танылған.
Біз бір орында тұрмай, қызмет көрсету сапасын тұрақты жетілдіреміз.
Біз балалардың жарқын жүзін және ата-аналардың алғысын көріп, істеген жұмысымыз бекер емес деп сеземіз.
Mothercare — бүкіл әлемдегі миллиондаған ана мен сәби үшін қауіпсіздік пен жоғары сапаның бейнесі.
Компания туралы
40 жылдан асқан уақыт бойы Mothercare бүкіл әлемдегі миллиондаған адам
үшін қауіпсіздік пен жоғары сапаның бейнесі болып табылады, өйткені біз шынында да сатып алушыларымызға қамқорлық көрсетеміз. Бұл «ананың қамқорлығы» деп аударылатын дүкендердің атауында да көрсетілген.
Mothercare компаниясы 1961 жылда құрылып, Ұлыбританиядағы жүкті әйелдерге және жас аналар мен сәбилерге арналған тауарлардың толық ассортиментіне мамандандырылған бірінші компания болып шықты. Қазір Mothercare жүйесінде Ұлыбританиядағы 300-ден астам дүкен және әлемнің 35 еліндегі 200-дей дүкен бар. Қазақстанда Mothercare сауда маркасының даму тарихы 2007 жылдан, Алматыдағы бірінші дүкеннің ашылауынан басталды. Қазір Алматыда 5 дүкен бар, сондай-ақ ондай дүкендер Астана, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында да бар. Бүгінгі таңда Mothercare нарықтың осы секторында сарапшы ретінде танылған Қазақстандағы аналар мен сәбилерге арналған жалғыз дүкендер жүйесі. Mothercare тауарларының қолжетімді бағалары осы сауда маркасын тартымды етеді.
Mothercare-де ғана:
Біз сізге және сәбиіңізге барынша қолайлылықты қамтамасыз етуге тиіспіз деп сенеміз. Сондықтан mothercare жаңартпалық техникалық әзірленімдерді пайдаланады.
- Сіздің кішкентай адамыңыздың қауіпсіздігі бәрінен де жоғары қойылады.
- Сатып алушылар кез келген қызықтыратын мәселе бойынша кеңес және қолдау алу үшін mothercare дүкендерінің білікті қызметкерлерімен күн сайын хабарласуы мүмкін.
- Дүкендер отбасының толығымен келуіне арналғандықтан бірегей қосымша қызметтер көрсетіледі.
- Тамаша әрленімді, жоғары сапалы тауарлардың ассортиментіне 25 000 астам атау кіреді: емізіктен автомобиль отырғыштарына дейін.
- Ассортимент бойынша толық ақпаратты жыл сайынғы каталогтан алуға болады.