Еуропаның ең биік шыңының аты берілген Монблан компаниясы саясат, мәдениет, өнер мен бизнестегі ұлы жетістіктер әлемін лайықты бейнелейді. Бүкіл әлемнің дарынды және табысты адамдары пайдаланған және пайдаланатын, жоғары сапамен және шеберлікпен жасалған бұйымдардың өндірушісі деген беделге 100 жылдан асқан уақыт бойы ие Монблан уақыттан тыс құндылықтарды және әлемдегі соңғы жаңалықтар мен жетістіктерді пайдалану ептілігін ұштастыратын өз бірегей бұйымдарымен таң қалдыруда.
Montblanc сағаттары, жазу құралдары және тері бұйымдары уақыттан тыс эстетиканың сән-салтанат заттары болып табылады. Олар негізінен ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын айрықша жауһарлар. Montblanc шеберлері көп жылдық тәжірибеден туындаған құмарлығымен, шеберлігімен және дағдысымен өз шығармашылық әлеуетін барлық сәндік үрдістерден асқан, сапасы мен әдемілігі айрықша бұйымдарды жасауға жұмсайды. Montblanc өнімін жүз жылдан асқан уақыт бойы әлемдегі миллиондаған табысты және дарынды адам пайдаланады.