Ля Тартин — бұл күн бойы тамақ ішуге болатын жайлы және қонақжай наубайхана. Біз таңдаулы дәмі мен нәрлі қасиеті бар, жоғары сапалы дәстүрлі француз азық-түліктерін Сізге ұсынамыз. Оларды алған жерде де дәмін көруге болады немесе өзімен бірге алып әкетуге болады.
Күн сайын Ля Тартин-де Сізге француз фирмалық нан тағамдарының кең таңдауы ұсынылған. Әр жыл ішінде біз нарықтың дамуына бейімделу және клиенттердің көңілінен шығу үшін ассортиментімізге бірнеше жаңа тағам енгіземіз. Біз жап-жасыл Алматы қаласының Қабанбай батыр көшесіндегі 89 үйде, сондай-ақ еліміздің елордасы – Астана қаласының «Керуен» СОО-да орналастық.
Ля Тартин Сізге қайталанбас дәміне кепілдік беретін әртүрлі 80 рецепті ұсынуға қуанышты.
Біздің нан және басқа нан тағамдары таңертеңнен бастап кешке дейін сатылатын жерде пісіріледі, бұдан бүкіл наубайханаға май мен шоколадтың тамаша иісі таратылады. Біздің тап қазір тамақ ішкіміз келеді!
Әлемнің кез келген түкпірінде тұратын әрбір азамат естіген бірнеше француз тағамы бар. Багет, фуа-гра, бордо, камамбер… Круассан (фр. croissant) олардың ішінде. Қатталған немесе ашытқан қамырдан жасалған, собалақ (жарты ай) түріндегі шағын бөлкенің бүгінгі француз дастарқанына қалай түскенін көбі білмейді.
Дәстүрлі круассан, негізінен, шоколад қосылған круассан – кез келген француз таңғы асының айнымас белгісі. Ол тек қана таңғы асқа және де кофемен немесе ыстық шоколадпен бірге беріледі. Нағыз француздың кофе құйылған саптыаяққа круассанды батырып отырған әдетінен оны дәмхананың барлық келушілерінің арасында қателеспей тануға болады. Нағыз француз багетісіз болмайды ғой! Сіздің түскі асыңыз бен кешкі асыңызға, әрине таңғы асыңызға да тамаша үйлесетін дәстүрлі 60 сантиметрлік багет!