Негізінен, компанияның негізін қалаушы өз компаниясын дамытуға және оның табысқа жетуіне салмақты үлесін қосады, сондықтан ол өз атын компанияға беруге құқылы. Осы тұрғыдан «Hugo BOSS» маркасының тарихы ерекше. 20 ғасырдың басында Хьюго Босс жұмыс киімін, сулықтарды, түрлі арнайы киімді шығарған. Ол кезде шығарылған өнімде тіпті маркасы да көрсетілмеген. Хьюго өз бизнесін ұрпақтарына қалдырып, 1948 жылы қайтыс болды. Ұрпақтары арнайы киімнің өндірісімен бірге ерлерге арналған күнделікті киетін сапалы киім өндірісін ұйымдастырып, сол бизнесті жақсы басқарған. 70-ші жылдардың басында Хьюгоның немерелері сән әлеміне күшті ықпал еткен, ерлерге арналған костюм шығарды. Осыдан кейін компанияның өнімі үлкен сұранысқа ие болды. Сол кезде марканы оның негізін қалаушының атымен атауға шешім қабылданды. Қазіргі кезде Hugo Boss-ты саясаткерлер де, Голливуд жұлдыздары да, жай іскер және өзіне сенімді адамдар да таңдайды. Марканың ерекшеліктері – бұл қымбатты итальяндық маталар, жоғары сапалы тігін және брендтің көптеген басқа брендтерге ұқсамайтын ерекше стилі.
Hugo Boss – ерлерге және әйелдерге арналған, жоғары дәрежелі және айрықша сәнді бренд, әлемдегі іскерлік сәннің ең белгілі брендтерінің бірі. Хьюго Босс – бұл бизнеспен айналысатын немесе қатал дресс-коды бар офисте мансапқа жетіп отырған, сәнді және ұстамды сәулетті заттарды бағалайтын табысты адамдарға арналған таңдау. Дүкенде ерлерге арналған ең соңғы Boss Black және Boss Green топтамалары әрқашан ұсынылады. Дүкеннің кең ассортименті әрбір маусымның сән топтамаларын түрлі бағамен ұсынуға мүмкіндік береді. Стильдердің түрлілігін атап өту керек – әрбір ер адам Hugo Boss фирмалық дүкеніне келіп, іскерлік кездесуге де, бейресми фуршетке де арналған киім мен аяқ киімді таңдап ала алады.