«Empire» компаниясы Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қазіргі технологиялары пайдаланылған, Нелли Бубе, Ералы Оспанұлы, Исатай Исабаев сияқты Қазақстанның қазіргі белгілі суретшілерінің нақыштары мен сурет көшірмелері түсірілген бірегей әрленім бойынша эксклюзивті ұлттық кәдесыйларды әзірлеумен, өндірумен және сатумен айналысады. 1000-нан астам атаулар, тұрақты жаңартылатын ассортимент, шектелген таралым. Материалдардың кең таңдауы – сутас пен қалайыдан алтын мен күміске дейін. Компания өз іс-тәжірибесінде қалайының, хромдалған болаттың, шайырдың түрлі қорытпаларын, сондай-ақ ағаш, шыны, сутас, полимер, «Swarovski» тасы мен басқа қымбат материалдарды жиі қолданады. Әрленімнің көркемделуін таңдаудың кең жолы. Алтынмен жалату, 999 сынамалы алтыннан жасалған деколь. Осы барлық әдемі бұйымдар қазақтардың мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы негізінде ұлттық өрнектер кеңінен пайдаланылып жасалған.
Клиенттерге түрлі баға санатындағы кәдесыйлардың кең таңдауы ұсынылады: VIP кәдесыйлар, Бизнес-аксессуарлар, Флеш-карталар, Үстелдегі ойындар, Стелалар, Сыйға берілетін панно, Сәндік тәрелкелер, Қаламға арналған тығыршықтар, Кітапқа арналған тығыршықтар, Жазу құралдары, Білезіктер, Кәдесый салпыншақтары, Белгішелер, Кәдесый бұйымдары, Фарфордан жасалған кәдесый бұйымдары, Қыштан жасалған кәдесый бұйымдары, Мүсіншелер, Айналар, Кітаптар, Ғимараттардың шағын көшірмелері, Визит карточкаларына арналған сауыт, Әмияндар, Сөмкелер.